Түркістан облысының білім басқармасының "№7 колледж"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Басты бет / Колледж туралы / Колледж туралы Ереже

Колледж туралы Ереже

                  

МКҚК «№7 КОЛЛЕДЖІНІҢ» 

ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

 
  1. Осы ішкі тәртіп ережесі Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 43-бабы 3- тармағының 1) тармақшасы негізінде әзірленді.

  2. Колледждегі жұмыс және оқу пәні ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға негізделген. Осы ереже колледж білім алушылары мен қызметкерлерінің тәртібі және іс-әркеттерін анықтайтын негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.

  3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы 14-тармағына сәйкес колледж білім алушылары осы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.

  4.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 47-бабы 18-тармағының негізінде колледж білім алушылары міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік шаралар осы ішкі ережелерде көзделгендей қолданылуы мүмкін.

 
  1. Жұмыс уақыты және оқу сабақтарын ұйымдастыру

 
  1. Колледжде 5 күндік жұмыс аптасы белгіленген. Әкімшілік басқарушылық және техникалық қызметкерлер үшін жұмыс күні дүйсенбіден жұмаға дейін .

  2. Әкімшілік басқарушылық және техникалық  қызметкерлер үшін мынадай жұмыс тәртібі белгіленеді:

  • жұмыстың басталуы сағат 9.00-де;

  • жұмыстың аяқталуы сағат 18.00-де; 

  • түскі үзіліс –сағат 13.00-ден 14.00-ке дейін, 

  1. Педагогикалық қызметкерлер  мен білім алушылары үшін оқу күнінің тәртібі келесідей болып белгіленеді:

  • оқу күні таңертеңгі сағат 8-45-те лауазымға арналған білім алушылар кезекті топты орналастырудан басталады; 

  •  оқытушылар кабинетті желдетіп, сабаққа дайындалу үшін сағат 08-45-тен 09.00 –ке дейін. 

  • Білім алушылардың колледж аумағына кіруі сағат 08-45 

  • ұйымдастыру кезеңі.Таңғы сапқа тұрғызу уақыты сағат 08-45

  • сабақтың басталуы сағат 9.00

  1. Сабаққа арналған қоңырау кестесі:

        -дүйсенбі,сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма.

        1-пар (сабақ) сағат 9:00-10.35

        2-пар сағат 10.40-12.15

        3-пар сағат 12.30-14.15

        4-пар сағат 14.20-15.55

Білім алушыларды колледждің кіреберісінде кезекші оқытушы және кезекші әкімші қарсы алады. 

  1. Әкімшіліктің кезекшілік кестесі:

Дүйсенбі – Керуенов Ж, Ералиев А, Керім Е.

Сейсенбі – Тауасаров Т. Асылбек Н, Хайрулла Е.

Сәрсенбі – Сәрсенбаев Қ. Тулебаев Д, Ибраев С.

Бейсенбі – Садықбекова Н. Қалданов Н, Отызбаев М.

Жұма – Қоғанбаева А. Тергеубаев Т, Шеризатов Н.

Сабақтың соңында оқытушылар мен білім алушылар кабинеттен шығады. Ауысым кезінде топ жетекшілер мен оқытушылар қабаттарда, асханада, колледж аумағында және колледж аймағынан тыс жерлерде (жеке кесте бойынша) кезекшілік етеді және білім алушылардың тәртіптерін қамтамасыз етеді; сонымен қатар білім алушылардың тәртібіне, өміріне және денсаулығына жауап береді. 

  1. Колледждегі оқу сабақтары топтарда, ережедегі сияқты, күніне 6 академиялық сағат (үш пар), 4-парды жоспарлауға болады. Бұл жағдайда оқу аптасының ұзақтығы факультатив сабақтарынан басқа, 36 сағаттан аспауы керек.

Толық оқу жылына арналған каникулдың ұзақтығы 11 аптаға, оның ішінде қысқы кезең 2 аптадан кем емес болып анықталады.

  1. Колледждегі  оқу сабақтары колледждің директоры бекіткен және оқу бөлімінің меңгерушісі семестрге дайындаған сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі. 

  2. Сессия барысында консультациялар колледждің директоры бекіткен және оқу бөлімінің меңгерушісі дайындаған сабақ кестесіне сәйкес жүргізіледі.

  3. Әрбір оқу топтарында белгіленген түрде журналы болады. Журнал оқу бөлімінде меңгерушінің бақылауымен сақталады және сабақтың алдында тікелей оқытушыларға ғана беріледі.

2.10 Түскі үзілісті белгілеу-сағат 12.15, 12.30 сағат 13.15, 13.30 сондай-ақ білім алушылардың асханада бірінші ауысымдағы үзіліс кезінде және сабақтан кейін, үзілісте немесе сабаққа дейін болуы.

2.11 Сырттан келгендер директордың немесе директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының рұқсатынсыз сабаққа жіберілмейді. Ата-аналардың оқытушыларға келуін куратордың алдын ала келісі бойынша колледж кезекшісіне ескертуінен, ата-аналар жиналысы мен ата-аналар күнінде сабақтан кейін рұқсат беріледі.

2.12 Білім алушылардың сабақ немесе зертханалық –тәжірибелік сабақтарда киім үлгісін (егер арнайы киім қажет етпеген жағдайда):  қыздарға –ақ жейде (классикалық түрде), қара белдемше, көк галстук, ер балаларға –қара түсті костюм-шалбар, ақ жейде, көк галстук болып бекітілсін. Оқу процесі кезінде бас киіммен жүруге рұқсат етілмейді (егер арнайы киім қажет етпеген жағдайда). 

2.13 Кезекші оқытушы мен кезекші топтың жұмысын ұйымдастыру:

а) колледждегі кезекші топ лауазымды орындарын белгілейді. 

Колледждегі кезекшіліктің аяқталуы  сағат 15.55. Қоқыстарды кабинеттерден дәліздерге және дәретханаларға тастауға қатаң тыйым салынады.

б) кезекші топтардың міндеттерінде:

-білім алушылардың тәртіптерін, санитарлық жағдайын, колледж мүліктерінің сақталуын, әрбір үзілістен кейін қоқыстарды жинауды қамтамасыз ету;

-кезекші топтың топ жетекшісі кезекші әкімшімен бірлесіп, колледж білім алушыларының сабаққа қатысуын дер кезінде журналға жазу арқылы қадағалау;

в) кезекшілікті қабылдау-өткізуді ауысым арасында кезекші куратор (білім алушылардың тәртіп бұзу фактілері, оқытушылардың еңбек тәртібін бұзуы, мүлікке зиян келтіру және т.б) қажетті жазбаларды кезекшілік журналына жазып жүргізіледі.;

г) кезекшілік аяқталғанда кезекші топ кезекшіліктің қорытындысын бөлім меңгерушісіне жазбаша есеп береді. 

2.14 Кабинеттерді және тағайындалған аумақтарды жалпы тазалау әр аптаның соңғы сенбісінде өткізіледі. Оны жүргізу жауапкершілігі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен топ кураторларына жүктеледі.

2.15 Соңғы сабақта (парда) оқытушы кабинеттің тазалығын қадағалайды. Кабинетті жауып, кілтті бөлім меңгерушіге тапсырады. 

2.16 Колледждің ішкі тәртіп ережесінің орындадалуын бақылау кезекші әкімшілерге жүктеледі.

2.17 Әр оқытушының жұмысының басталуы –сабақтың басталуына 15 минут бұрын. 

 Топ жетекшілері линейкаға өз  тобымен бірге қатысады. 

2.18 Күнделікті сабақтан кейін куратор сабақта болмаған білім алушының жоқтығын жазып және ақпаратты бөлім меңгерушісіне береді. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз білім алушыларды түрлі іс-шараларға (жаттығуларға, жарыстарға) жіберуге қатаң тыйым салынады.

2.19 Теориялық оқу журналына өзгертулер мен толықтырулар, атап айтқанда: білім алушыларды қабылдау және шығару, тек директордың  нұсқауы бойынша бөлім меңгерушілері  тарапынан ғана жасалады.

2.20 Теориялық оқу журналындағы бағаларды түзетуге рұқсат етілмейді. Егер бұл нұсқаулықты оқытушы бұзса, түсініктеме жазады, ескерту жасалады. Қайталанған жағдайда –сөгіс беріледі. Теориялық оқыту журналдарын толтыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2.21 Барлық оқытушылар бағаны уақтылы теориялық оқу журналына қоюы керек. Семестрде білім алушыларды алдын-ала аттестаттау семестрдің аяқталуына 7 күн бұрын жүргізіледі.

2.22 Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз оқытушылардың келісімі бойынша сабақты алмастыруға қатаң тыйым салынады.

2.23 Барлық топтық іс-шаралар директордың бекітуімен, жоспар бойынша өткізіледі. Жалпы колледждегі іс-шараларды өткізу кезінде кезекші топ жетекшілерінің болуы міндетті болып табылады. Қалған басқа кезекші қызметкерлер –кесте бойынша.

2.24 Экскурсияларға, жорықтарға, кинотеатрлар мен театрларға, көрмелерге білім алушылармен бару және т.б директордың бұйрығымен және қауіпсіздік ережесі және ЖЖЕ бойынша нұсқау бергеннен кейін ғана рұқсат етіледі.

2.25 Оқу үрдісінде денсаулық сақтау технологияларын енгізу, білім алушылардың денсаулығын сақтау және нығайтуда колледж директорымен бекітілген жоспар бойынша ай сайын денсаулық күндерін өткізу.

2.26 Колледжде, сондай-ақ одан тыс жерлерде іс-шаралар өткізуде білім алушылардың өмірі мен денсаулығына директордың бұйрығымен тағайындалған оқытушы, тәрбиеші немесе колледждің кез-келген қызметкері жауапты болып табылады. 

2.27 Білім алушылар мен оқытушылар сырт киіммен сабаққа жіберілмейді.

2.28 Сабақта ұялы телефон қолдануға рұқсат етілмейді. Колледж аумағына смартфон әкелуге тыйым салынады.

2.29 Сабақ аяқталмай білім алушыларды колледжден шығаруға тиым салынады. Ауырған білім алушыларды сабақтан босату –дәрігердің анықтамалық және кезекші әкімшінің жазба рұқсатымен немесе бөлім меңгерушісінің рұқсатымен жіберіледі. 

2.30 Білім алушыларға оқу-тәрбие үдерісі кезінде, оның ішінде үзілісте колледж аумағынан кетуге тыйым салу.

2.31 Демалыс кезінде, демалыста болмаған оқытушылар колледж директорының әдістемелік жұмысына, оқу-тәрбие үдерісін жоспарлауға және білім алушыларды оқытуға және тәрбиелеуге байланысты басқа жұмыстарға, жаңа оқу жылына немесе семестрге дайындығына шақырады. 

2.32 Оқытушының жұмыс уақыты, уақытын есептемей, білім алушылардың жазбаша жұмысын тексеруге және қажетті сабаққа дайындығы, сабақ кестесімен, сондай-ақ оқу мекемесінің оқу-әдістемелік жұмыстары және тәрбие жоспарларымен анықталады.

2.33 Егер ауыру немесе басқа себептер бойынша жұмысқа шықпаған жағдайда оқытушылар сабаққа дейін директордың оқу ісі  бойынша орынбасарына немесе оқу бөлімінің меңгерушісіне хабарлауы тиіс. Оқу бөлімінің меңгерушісі, директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары немесе бөлім меңгерушілері жоқ оқытушының орнын ауыстыру үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс және білім алушыларға хабардар етуге міндетті.

2.34 Оқытушылар мен білім алушылар колледжде, колледж аумағында, 150 м., радиуста колледжге жақын аумақта темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Бұзушылар сөгіс жарияланады. Қайталанған жағдайда-колледжден шығарады.

2.35 Басқа оқу орындарынан білім алушыларды ауыстыру «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

2.36 Білім алушы колледжде оқуға қабылдау кезінде, білім алушы және  оның ата-аналары  колледж жарғысымен, білім беру қызметін жүзеге асыруға құқылы лицензиясымен, ішкі тәртіп ережесімен танысуға құқылы.

2.37 Кезекті жылдық демалыс беру тәртібін әкімшілік кәсіподақ комитетімен келесі отырып белгілейді. Демалыс кестесі ағымдағы оқу жылының 1 маусымына дейін жасалады және колледждің барлық қызметкерлеріне жарияланады.

 

3. Колледж  әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері

3.1 Колледж әкімшілігі құқылы:

3.1.1 Оқу орнының дамуының негізгі бағыттарын, оның құрылымын айқындау. Штат кестесін бекіту, лауазымдық міндеттерін анықтау.

3.1.2 Ұжымның алдында преспективті және ағымдағы жұмыстардың мақсаты, нәтижелерді қадағалау.

3.1.3 Колледжге қызығушылық мүдделерін жоғары оқу ұйымдарының оқу мекемелері басқармаларының алдында қорғау.

3.1.4 Колледж Жарғысын белгіленген тәртіппен  әзірлеу және бекітуге ұсыну.

3.1.5 Қызметкерлер мен білім алушыларға арналған бірыңғай талаптарды әзірлеу және бекіту.

3.1.6 Барлық қызметкерлерден өз міндеттерін,  бұйрықтарын және тапсырмаларын мұқият және нақты орындауды талап ету.

3.1.7 Үстеме және қосымша жалақыны қызметкерлердің лауазымдық айлығына, тәртіппен және мөлшер бойынша марапатты белгілеу.

3.1.8 Педагогикалық жүктеменің деңгейін жоғарлату немесе азайту үшін аттестаттау комиссиясына олардың кәсіби деңгейін жарамдылығы дәрежесін анытайтын оқытушылардың, қызметкерлердің жұмысын бағалау.

3.1.9 Қызметкерлерді министрліктің құрметті грамоталарды және мемлекеттік  наградалармен, құрметті атақтармен марапаттау үшін жоғары ұйымдарға материалдар ұсыну. Өз істеріне жауапты қызметкерлерді қатыстыру, марапаттау.

3.1.10 Колледжге сеніп тапсырылған мүлік, қаржы, ғимараттарына иелік ету.

3.1.11 Қызметкерлер және білім алушылар колледждің сеніп тапсырылған заттарына материалдық жауапты, ал кейбір жағдайларда колледждің мүліктері, ғимараттар мен құрылыстарының бүлінуіне байланысты әкімшілік, қылмыстық  жауапкершілікке тарту.

3.1.12 Басқа ұйымдар мен мекемелерге және жеке азаматтарға қатысты заңды тұлға ретінде әрекет ету.

3.1.13 Ақшалай қарызды өтеуді қамтамасыз ету үшін колледж білім алушысына білім беру туралы түпнұсқалық құжаттарды берешекті толық өтегенге дейін бермеуге құқылы.

3.2 Колледж әкімшілігі міндетті:

3.2.1  Оқытушылар мен қызметкерлердің  еңбектерін қызметтік нұсқауларға және осы ережелерге сәйкес ұймдастыру.

3.2.2 Нормативтік талаптарға сәйкес материалдық – техникалық жабдықтар мен құрал-жабдықтарды  қамтамасыз ету.

3.2.3  Оқу  үрдісін жүргізу үшін  еңбек және оқу қауіпсіздігі шарттары, бөлменің жарамсыз жағдайы, жылыту, жарықтандыру, желдеткіш, станоктар, құрал-жабдықтар, жабдықтар, қажетті материалдардың болуы,  құралдар және ыңғайлы үдерісті жүргізуді қамтамасыз ету.

3.2.4 Білім алушыларды қабылдау жоспарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

3.2.5 Оқытушыларға біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету. Біліктілікті арттыру және кәсіби дағдыларды жетілдіру үшін жағдай жасау.

3.2.6 Мәдени-тәрбиелік, жаппай-дене шынықтыру және сауықтыру жұмыстарына қажетті жағдай жасау. Ұрлық, нашарқорлық, СПИД, маскүнемдік, алкоголизм және темекі шегудің алдын алуда шараларды әзірлеу және іске асыру. Есірткіге тәуелдікті, токсимания және маскүнемдікті тудыратын себептер мен жағдайларды анықтау және жою үшін шараларды қолдану.

3.2.7 Оқу жоспарларының орындалуын оқу сабақтарының кестесін, емтихандар, сынақтар, консультациялардың іске асырылуын қадғалау.

3.2.8 Білімді және қызметкерлер мен білім алушылар нұсқаулықтар және қауіпсіздік  техникасы ережесін талап ету, өндірістік тазалық пен еңбек гигиенасы, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі  мен еңбекті қорғау талаптарын үнемі қадағалап отыру.

3.2.9 Білім алушылардың жекеленген санаттарына жеңілдіктер мен материалдық көмек көрсетуді уақытылы қамтамасыз ету.

 

4. Колледж оқытушылары мен қызметкерлердің құқықтары мен міндеттері

4.1 Колледждің педагогикалық қызметкері құқылы;

4.1.1 Кәсіби  қызмет үшін жағдай жасау

4.1.2 Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың сақталуы шарты мен педагогикалық қызметті ұйымдастырудың  тәсілдері мен формаларын еркін таңдау.

4.1.3 Ғылыми-практикалық зерттеулер тақырыбын еркін таңдау және оның нәтижелерін педагогикалық тәжірибеде қолдану.

4.1.4 Колледж  басқару органдарының жұмысына қатысу.

4.1.5 Бес жылда бір рет жұмысы үзбей немесе жұмыстан қалып  біліктілігін арттыру.

4.1.6 Қызметтік  өсу, санатты жоғарылату мақсатымен аттестациядан мерзімінен бұрын өту.

4.1.7 Педагог қызметкерлер үшін ақылы демалыс 56 күнтізбелік күн.

4.1.8 Жеке педагогикалық қызметке.

4.1.9 Кәсіби ар мен қадір-қасиетін қорғау.

4.1.10 Колледждің және оның қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің көзі болып табылатын материалдық активтік (ғылыми, әдістемелік еңбектер,патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету, білім беру және ақпараттық технологиялар және бас қалар) түрінде зияткерлік меншік насандарының басқа түрлерімен бірге қорғау.

4.1.11 Педагогикалық қызметтер табысы үшін материалдық және моральдық көтермелеу, ордендер мен медальдармен марапаттау, құрметті атақтар, белгілер мен мадақтамалар.

4.1.12 Колледж директорының жазбаша рұқсатымен 0,75 –тен кем емес педагогикалық жүктемемен қосарлау жұмысқа.

4.2  Педагогикалық қызметкерлер міндетті:

4.2.1 Білім мен тәрбие алушылар Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген деңгейден  төмен емес білім, дағдылар мен шеберлікке ие болуын  қамтамасыз ету.

4.2.2  Білім алушылардың жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытуды анықтау және жәрдем беру.

4.2.3 Өзін –өзі тануды қоса алғанда, өз білітілігін жоғарлату.

4.2.4 Педагогикалық этика нормасын сақтау.

4.2.5 Білім алушылардың ар-намысын құрметтеу. Колледждің ар-намысы мен іскерлік беделін құрметтеу, өз беделін түсіретін ақпаратты таратпау.

4.2.6 Салауатты өмір салтын ұстап, оны білім алушылар  арасында насихаттау.

4.2.7 Білім алушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын ұйымдастыру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру.

4.2.8 Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу.

4.2.9 Ең жақсы жұмыс тәжірибесін, өз колледж мұғалімдерінің, сондай-ақ басқа да облыстық, республикалық оқу орындарының мұғалімдер тәжірибесін оқу.

4.2.10 Республикалық, қалалық, аудандық, колледжішілік іс-шараларға белсене қатысу.

4.2.11 Білім алушылардың үлгермеушілік себептерін анықтап, олардың білімдеріндегі кемшіліктерін жоюға және оқу орнына бейімделуге көмектесу. 

4.2.12 Білім алушылардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу.

4.2.13  Білім алушылардың контингентін сақтау бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.

4.2.14 Бітірушілердің жұмыспен қамтылуын және біліктілігін арттыруды бақылау.   

   

  5. Білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

5.1. Осы Ереже Колледжде білім алушыларының ішкі тәртіптерін анықтайтын негізгі нормативті акт болып табылады;

5.2. Білім алушылар (Колледжге директор бұйрығымен оқуға түскендер) оқу жоспарларына және білім беру бағдарламаларында қарастырылған, білім алуға қатысты барлық тапсырмаларды бекітілген уақытта орындауға міндетті;

5.3. Оқу тәртібі Колледж әкімшілігінің тарапынан сендіру, тәрбиелеу, сондай-ақ адал еңбегі мен білімі үшін мадақтау әдістері арқылы оқу міндеттерін сапалы орындау, қалыпты жоғары өндірістік жұмыстар үшін қажетті ұйымдық және экономикалық шарттардың құрылуын қамтамассыздандырады;

5.4. Ішкі тәртіп Ережелерін қолдануға қатысты мәселелерді Колледж әкімшілігі өзіне берілген құқықтар шегінде, ал Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңдарында немесе Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген жағдайда – Колледждің Білім алушылар парламентімен келісе отырып немесе бірігіп шешеді.

5.5. Колледж білім алушыларының ішкі тәртіп ережелері және оларға қосылатын барлық өзгерістер мен қосымшалар әкімшілік ұсынысы бойынша колледждің білім алушылары өкілінің қатысуымен педагогикалық Кеңесте қолданылады және директордың бұйрыққа қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.

6.6. Білім алушылар қызметінің Ішкі тәртіп ережелерінің тексті Колледждегі хабарландыру тақтасына ілінеді.

 

6. Білім алушылардың негізгі құқықтары

Колледж білім алушысы төмендегі құқықтарға ие:

6.1. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

6.2. Білім беру гранты бойынша және келісім шарт негізінде білім алуға;

6.3. Орнатылған көлемде шәкіртақы алуға (мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатын тұлғаларға арналған);

6.4. Ғылым, техника және мәдениеттің қазіргі заманға сай даму деңгейіне сәйкес білім алуға;

6.5.Өзінің жетістіктерін, еркін ұжданын, өзінің еркін ойы мен сенімділігін құрметтеттіре білуге;

6.6. Колледж қызметінің маңызды мәселелерін, білім алушылардың қоғамдық ұйымымен қатар колледжді басқару органдары арқылы талқылап және шешуге қатысуға;

6.7. Колледждегі кітапхана, ақпараттық қорларды, оқу, емдік және басқа да бөлімшелер қызметтерін тегін пайдалануға;

6.8.Барлық мәдени жобалар түрлеріне, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, конференцияларға, мәжілістерге, байқауларға, фестивальдарға, өз жетістіктерін публикациялауға, сондай-ақ колледждегі баспаларға, пәндік үйірмелерге қатысу мүмкіндігін алуға;

6.9.Оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардан кеңес алуға, оқытудың сапасы мен әдістері туралы ойын жеткізуге, оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар білдіруге;

6.10. Сабақ барысындағы ерекше жетістіктері үшін және Колледждегі оқу және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқаны үшін моральды және материалдық жағынан мадақталуға;

6.11.Колледж оқытушылары ұсынған факультатив курстарды таңдауға;

6.12. Колледждегі білім алушылардың өзін-өзі басқару органында сайлауға және сайлануға;

6.13. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шұғыл әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;

6.14. Басқа аймақтардан, сондай-ақ шетелден оқуға қабылданған білім алушылар жатақханасына орналасуға. 

 

7. Білім алушылардың негізгі міндеттері

7.1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында бекітілген міндеттерді орындауға;

7.2. Колледж Жарғысын, білім алушылар қызметтерінің ішкі тәртіп ережелерін ұстануға, педагогикалық Кеңес шешімін, директордың, директор орынбасарларының оқу, мәдени, ғылым процестерін түзейтін, олардың ұйымдастырылуы мен өткізілуіне қатысты бұйрықтар мен өкімдерді орындауға;

7.3. Колледждің барлық білім алушылар мамандықтары бойынша теоретикалық білімді және практикалық дағдыларды білуге, бекітілген мерзімде тапсырмалардың барлық түрлерін орындауға, барлық емтихандар мен сынақтарды бекітілген мерзімде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес тапсыруға (сынақ-емтихан сессиясы);

7.4. Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес, оқу сабақтарына қатысуға және оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қарастырылған барлық тапсырмалар түрлерін бекітілген мерзімде орындауға, қарыздарды уақытылы жоюға;

7.5. Колледж директорымен бекітілген осы ережеде қарастырылатын ереже мен нұсқаулықтарға сәйкес еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздігінің қорғанысы жөніндегі талаптарды ұстануға;

7.6. Колледж мүлігін сақтауға, жабдықтар мен техникаларды нәтижелі пайдалануға, internet желісіндегі жұмыстарға арналған ресурстарды тек оқу және ғылыми-әдістемелік мақсаттарда пайдалануға, білім алушылар пайдаланымына берілген бұйымдарды күтіп ұстауға, энергия, су мен басқа да ресурстарды үнемдеп шығындауға;

7.7.Адам жетістіктерін және білім алушылар мен оқытушылардың ойын құрметтеуге, басқа тұлғалар ойына құрметпен қарауға, ал басқа анти- қоғамдық көріністерге сылқым қарауға;

7.8. Колледждің оқу корпусында жүрген кезде өзін лайықты ұстауға, басқа білім алушылардың өз міндеттерін орындауға зиян келтіретін істерден алшақ болуға, жалпы адамгершілік және этикалық нормаларды ұстануға, Колледждің іскерлік беделін құрметтеуге, қорғауға;

7.9. Тәртіпті және ұйымшыл болуға, Колледждің барлық оқу және басқа да жерлерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға, Колледждің оқу корпусы мекемесінде оқу және қосалқы жинау жөніндегі іс-шараларға қатысуға;

7.10. Тәртіпті және ұқыпты болуға, колледжде, көшеде, қоғамдық орындарда және үйде өзін лайықты етіп ұстауға;

Ер балалар қысқа қиылған шашпен және таза қырынған болу керек, ал қыз балалардың шаштары ұқыпты жиналып жүру керек;

7.11. Қоқан-лоқы көрсетіп, құқық бұзып, төбелескені үшін білім алушыларға әкімшілік шара қолданылады;

7.12.Аудиторияларға кірген оқытушылар мен әкімшілік өкілдерін орындарынан тұрып қарсы алуға;

7.13. Сабақ барысында оқытушының айтқаны мен оқушылардың жауаптарын тиянақты тыңдауға, сөйлемеуге, басқа заттармен шұғылданбауға, оқытушының барлық тапсырмаларын орындауға, сұрақтарды қою немесе оларға жауап беру кезінде оқытушының рұқсатымен орындарынан тұрып- отыруға, аудиториялардан сабақ барысында шығып немесе кіру оқытушының рұқсаты арқылы ғана жүзеге асырылады;

7.14.Зертханаларда, шеберханаларда, оқу кабинеттерде сабақ өткізу барысында және оқу өндірістік тәжірибенің өту кезінде тек қана оқытушы  көрсеткен аспаптармен және құралдарды пайдалануға, оларды ұқыптап ұстауға және қауіпсіздік техникасын сақтауға;

7.15. Ауырып қалған жағдайда және басқа да себепсіз сабақтарға келмеген жағдайда топ басшысын, топ жетекшісін және бөлім меңгерушісіне хабарласуға. Егер білім алушы сабаққа қатыспағаны жайлы бөлім меңгерушісін, топ жетекшісін және топ басшысын ескертпесе, ол «себепсіз қалған» деп есептеледі. Ауырып қалған жағдайда білім алушы амбулаториялық, емдік мекемелер немесе Колледж медпунктінің бекітілген формадағы анықтамасын ұсыну керек;

7.16. Әрбір топта директор бұйрығымен бекітілген көптеген үлгерімі жақсы, тәртіпті білім алушылардың ішінен топ басшысы тағайындалады;

7.17.Топ басшысының міндеттеріне топта тәртіп ұстанымдары, топ білім алушыларының арасында оқулықтардың уақытылы алынып және таратылуы, бөлім меңгерушісіне қажетті құжаттардың уақытылы тапсырылуы кіреді;

7.18. Топ басшысы тікелей топ жетекшісіне, бөлім меңгерушісіне, директордың орынбасарларына бағынады және олардың барлық айтылған және хат түрінде берілген тапсырмаларын орындайды және оларды өз тобына хабарлайды.

 

8. Колледж ғимаратында төмендегілерді жасауға тиым салынды

8.1. Қатты сөйлеуге, шулауға, музыка тыңдауға, дөрекі сөйлеуге, сабақ барысында коридорларда жүруге;

8.2. Дене жарақаттарын келтіруге немесе байбалам салуға, бір-біріне жаман қатынас құрып бірін-бірі балағаттауға, басқалардың мүліктерін ұрлауға, басқаларды және Колледждің жеке мүліктерін әдейі бұзып, агрессиялық немесе бұзақы қылықтар (актілері, сондай-ақ құқыққа қарсы қылықтар) көрсетуге;

8.3. Мекемеде, аймақта, аулада, оқу корпусының кіре берісінде темекі шегуге, түкіруге, шашуға;

8.4. Спирт сусындарын, уландыратын немесе есірткілік мастандыратын құралдарды пайдалануға;

8.5. Қару-жарақты, атылғыш заттарды, газ балондарын алып келуге, таратуға, жарылысқа немесе өртке әкеліп соғатын барлық құралдармен бүйымдарды пайдалануға;

8.6. Қарым-қатынас шешу кезінде күш пайдалануға, ортадағыларға қауіп төндіретін істер жасауға;

8.7. Шемішкелер мен құмарлық ойындар пайдалануға;

8.8. Сабақтан және аудиториядан тыс іс-шаралар басырысында қосылып тұрған ұялы телефондарды пайдалануға, сағыз шайнауға, ұялы телефондарды және басқа да жеке техникаларды Колледждің электр желілерінде зарядтауға;

8.9. Жарқын косметиканы пайдалануға, сәндік бұйымдарды көп мөлшерлерде және оларды ұзын етіп тағуға;

8.10. Колледждің локальдық желілерінде және интернет желілерінде зиянды бағдарламалық қамтамассыздықты таратуға;

8.11. Қабырғаларға, аудитория үстелдеріне және басқа да орындарда қандайда бір жазу материалдарын жабыстыруға;

8.12. Қоғамдық тәртіппен регламентті бұза отырып саяси және рухани сипаттағы іс-шараларды өткізуге, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы тіркелмеген ұйымдардың атрибутикаларын пайдалануға және ойларын насихаттаға;

8.13. Коридорлар мен сатыларда жүгіруге, басқа білім алушыларды итеруге, бір-біріне неше түрлі бүйымдар лақтыруға;

8.14. Діни киімдер киюге, ғибадатханалар ашуға және Колледжде діни атрибуттар пайдалануға;

8.15. Колледжге шолақ шалбар, майка, сланцы киіп келуге, спорт киімдерін дене тәрбиесі сабағында немесе спорттық іс-шараларда ғана киюге;

8.16. Оқу аудиториясына сырт киімдерімен кіруге болмайды (пәлте, куртеше, плащ, бас киімдер және т.б.);

8.17. Сабақ барысында тамақ және сусын ішуге;

8.18. Сабақ барысын бұзуға, аудиторияға оқытушының рұқсатынсыз кіріп шығуға;

8.19. Өшпенділік, ұлттық және діни өшпенділіктерді қоздыруға жолданған іс-қимылдарды жібермеуге, ұлттық абыройды түсірмеуге;

8.20. Колледж әкімшілігінің рұқсатынсыз Колледждің түрлі құралдары мен басқа да бұйымдарын шығаруға;

8.21. Білім алушы өзінің академиялық шыншылдығын түсірмей ұстау керек:

а) академиялық жұмыстарды орындау кезінде, аралық және қорытынды аттестация барысында өзіне немесе өзгеге көмектесу мақсатымен ақпараттарды заңсыз алу немесе шпаргалка пайдалану, көшіру;

б) құжаттарды, мәліметтерді, қолдан жасауға немесе көшіруге (оқу журналдарын, үлгерім кітапшаларын), сақталған ақпараттардың көшірмелерін жасауға, өзгертуге және басқа түрде қолдануға (сондай-ақ компьютерлік).

 

9.Оқу тәртібі, оқу уақыты және оны пайдалану

9.1. Оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. 2 семестрден тұрады және берілген білім беруші-кәсіби бағдарлама бойынша оқу жоспарына сәйкес аяқталады;

9.2. Колледждегі оқу процесі оқу жоспарына және сабақ кестесіне сәйкес (дүйсенбіден сенбіге дейін) аптасына алты күн бойы жүзеге асырылады.

Демалыс немесе мейрам күндеріндегі оқу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жағдайларда ғана болады;

9.3. Сабақ кестесін колледж директоры, директордың оқу ісі жөніндегі және оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары бекітеді және ол бекітілген орынға ілінеді;

9.4. Барлық оқу және оларға қатысты орындарға сабақ басталғаннан кейін қалыпты оқу сабақтарын жүргізу үшін тыныштық пен тәртіп қамтамассыздандырылу керек;

9.5. Сабақ басталғаннан кейін аудиториялардан білім алушылардың шығып- кірулері оқытушының рұқсатымен ғана жасалады;

9.6. Әрбір академиялық топта білім алушылардың үлгерімін есепке алу журналы орнатылған формада жасалады, күн сайын сабақ басталғаннан кейін топ басшысы сабаққа қатысушылар мен келмегендерді белгілейді;

9.7. Себепті жағдайлармен сабаққа келмеген жағдайда білім алушы келесі күні топ басшысын, топ жетекшісін және бөлім меңгерушісін хабардар ету керек және сабаққа келген күні ақтаушы сипаттағы мәліметтерді сақтайтын орнатылған үлгідегі құжатты және қатыспаған себебі туралы мәліметтерді ұсынады (анықтама, хаттар, телеграммалар және т.б.);

9.8. Қатыспаған сабақтарды білім алушы директор бекітілген кестеге сәйкес өтейді. Қатыспаған сабақтарды білім алушы оқытушымен сабақтан тыс өтейді.

 

 

 

 

10.Оқудағы жетістіктері үшін мадақтау

10.1. Оқудағы және Колледждің қоғамдық, мәдени және ғылыми өміріне белсене қатысқаны үшін білім алушыларға төмендегі моральды және материалды мадақтау формалары орнатылады:

а)алғыс жариялау;

б)Колледждің Құрмет грамотасымен наградттау;

в)басқа да мадақтау шаралары;

Мадақтау Колледж директорының бұйрығымен жарияланады, барлық ұжымдарға мәліметтенеді және студенттің жеке ісінде сақталады.

 

11.Оқу тәртібін бұзғаны үшін қойылатын жауапкершілік

11.1. Колледж Жарғысында, Ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген оқу жоспарларын орындамағаны, бұзғаны үшін төмендегі тәртіп ықпалынсыз келесі шаралар қолданады:

1) ескерту;

2) сөгіс;

3) колледжден шығару;

11.2. Білім алушыларға төмендегі жағдайлар кезінде тәртіптік шаралар қолданылады:

а)осы ішкі тәртіп ережелерінде көрсетілген міндеттерді бір рет немесе жүйелі орындамаған кезде;

б)оқу орнын тағайындаусыз пайдаланғаны үшін;

в)оқу орнына зиян келтіргені үшін;

г)есірткі заттарды сақтаған, таратқан жағдайда;

д)Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген басқа да жағдайларда;

е)білім алушыға ешбір себепсіз сабақтарға қатыспағаны үшін:

  • 36 сағатқа – ескерту жарияланады;

  • 72 сағатқа – сөгіс жарияланады;

  • 108 сағатқа – қатаң сөгіс;

  • 144 сағат – колледжден шығарылады;

11.3.Тәртіп шараларын қолдану Колледж директорының бұйрығымен ресмилендіріледі;

11.4. Құжаттарға суық қарағандары үшін (сынақ кітапшасын және т.б. жоғалтқаны үшін) білім алушыларға тәртіптік жаза қолданылады. Құжатты жоғалтқан жағдайда оның көшірмесі білім алушының Колледждегі оқу мерзіміне бір рет беріледі. Жоғалған сынақ кітапшасын білім алушы өз қаржысына қалпына келтіреді;

11.5. Білім алушыға Колледж Жарғысын бұзғаны үшін қолданылатын жаза, алдын-ала Колледждің кәсіподағымен келісіледі. Академиялық үлгермеушілігі және оқу тәртібін бұзғаны үшін оқудан шығарылуы колледж кәсіподағымен келісілмейді;

11.6. Тәртіптік жаза, сонымен қатар оқудан шығарылу, Колледж білім алушысына одан жазбаша түрінде түсініктеме алған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Білім алушының жазбаша түрде түсініктеме бермегені оған тәртіптік жаза шараларының қолданылуына кедергі етпейді. Әрбір тәртіпсіздікке тек бір ғана тәртіптік жаза шарасы қолданылады;

Әрбір тәртіптік жаза шарасы жөніндегі мәлімдеме білім алушының жеке ісіне енгізіледі.

11.7. Тәртіптік жаза қолданылған кезде жасалған тәртіпсіздік пен жағдайдың ауыртпашылығы есепке алынады.

11.8. Білім алушыларды ауырған жағдайда (құжатпен расталған кезде) академиялық демалыс кезінде оқудан шығару мүмкін емес;

11.9. Колледж білім алушыларын, олардың құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасаған кездерінде оқудан шығару, ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес, Ішкі тәртіп ережесімен анықталады:

-білім алушы Колледжден төмендегі жағдайларда оқудан шығарылады:

-өз еркімен, соның ішінде ауруы бойынша және басқа оқу орнына ауыстырылған кезде;

-академиялық үлгермеушілігі үшін сессия кезінде үш немесе одан да көп қанағаттанарлықсыз бағалар алған кезде, белгіленген уақыт ішінде академиялық қарызын өтемесе;

-оқуы толық қарыздарды өтеу негізінде болған жағдайда, келісімшарт шарттарын бұзған жағдайда;

-осы Ережеде көрсетілген міндеттерді өрескел немесе бірнеше рет бұзғаны үшін;

-сот үкімімен заңды күшке енген қылмыстар жасалса, сондай-ақ білім алушының Колледждегі атағын даттайтын басқа да құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасалса;

-медициналық қажеттілікке жатпайтын, есірткілік заттар қолданған болса;

-егер білім алушы себепсіз жағдайлармен сабақ барысына ағымдағы жыл бойы немесе оқу жылының семестірінде қатыспаған болса, сабақ басталған кезден бастап күнтізбелік ай ішінде оқудан шығарылуы мүмкін.

 

12. Білім алушылардың заңды қамқоршылары немесе ата-аналарының құқықтары мен міндеттері

12.1.Ата-аналары (заңды қамқоршылары) құқылы:

12.1.1. Білім беру және оқу орындарының нысанын таңдау; бұл үшін демалыс кезінде колледж директорына жазбаша өтініш білдіруі қажет;

12.1.2. Баланың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау; 

12.1.3. Ата-аналар білім алушы бағасын алғаннан кейін үш күннен кешіктірмей, бағалауына келіспеу туралы өтініш беруге құқылы;

Ата-ана мен оқытушы арасындағы бағаланудың обьективтілігі туралы қайшылықтар туындаған жағдайда, директордың бұйрығымен тәуелсіз мамандар комиссиясы (әдіскердің қатысуымен) құрылады, олар білім алушылардың білімін тексереді және тиісті баға қояды;

12.1.4. Педагогикалық кеңестерге қатысу және олардың баласының жетістіктері мен мінез-құлқы туралы мәселе бойынша талқылауға қатысу; 

12.1.5. Колледж басқаруына қатысу, яғни жалпы колледждің ата-аналар комитетіне және қамқоршылар кеңесіне сайлануға. Жалпы колледждің және ата-аналар жиналысында өз пікірін білдіру және қатысу;

12.1.6. Оқу үдерісінің жүрісі мен мазмұны, білім алушының үлгерім бағаларымен танысу:

12.1.7. Колледж директоры немесе директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының рұқсатымен және сабақ жүргізетін оқытушының келісімімен, жасөспірім оқитын топтағы оқытушылардың сабақтарына қатысу;

12.1.8. Білім алушының  үлгерім бағаларымен танысу;

12.1.9. Колледждің дамуына ерікті қайырымдылықтар мен мақсатты жарналар беру;

12.1.10. Колледжді қорғау және оны күтіп-ұстау үшін ерікті жарналар жасау қажеттілігі туралы шешім қабылдайды.

 

     13. Ата-аналар (заңды қамқоршылар) жауапты болуға міндетті

13.1. Балаларын тәрбиелеу және олардың білім алуы;

13.2. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша белгіленген мерзімде білім алушыларға «шартты түрде» келесі курсқа ауысқан жағдайда академиялық қарызды жою;

13.3. Колледж жарғысын орындау, колледж ережесін сақтау;

13.4. Колледждің ата-аналар жиналысына қатысу;

13.5. Білім алушылардың мемлекеттік меншікке мұқият қарау.

13.6. Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің № 345 бұйрығы, 5 қосымшасын негізге ала отырып, қашықтықтан оқу кезінде оқушының сабаққа енуін ата-аналары (заңды өкілдері) сабақ кестесімен, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру процесімен танысады, санитарлық-эпидимиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасайды және оларды инфекциялық ауруларды жұқтырудан сақтайды, үнемі педагогтармен, топ жетекшілерімен байланыста болады.

ТАУАСАРОВ ТАЛҒАТ ТҰРМАҒАМБЕТҰЛЫ
«№ 7 колледж» директоры
+7 (72536) 3-26-45
Түркістан облысы, Кентау қ., С.Ерубаев, 15
© 2025 Түркістан облысының білім басқармасының "№7 колледж" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны